Шығыс Қазақстан облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасыға жерлестері баспана сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасыға жерлестері баспана сыйлады

05.06.2019

Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы жанұяның 5 баласы бар. Өткен күзде тұрғын үйлері өртеніп кетіп, баспананы жалдап тұрып жатқан. «Аяулы аналарға құрмет пен қамқорлық» акциясы аясында аудан халқы қаржылай қолдау көрсетіп, оларға үй алып берді. Осы өңірдегі жомарт жандар Митрофановка, Донское және Отрадное ауылындағы көпбалалы отбасылардың да баспана мәселесін шешуге көмектесті. 

Айнұр Түркістан, Мамай батыр ауылының тұрғыны:  

5 балам бар. Атаулы әлеуметтік көмекті алып жатырмыз. Ол да жақсы көмек болды, жағдайымыз жақсарып келеді. Жолдасым жалғыз жұмыс істейді, мен өзім баламен үйде отырмын. Баспанамыз жоқ болғанда қиналдық, уайымдадық. Қазір қуанып тұрмын.

Жұмағазы Асанов, Отрадное ауылының тұрғыны:

4 балам бар, 3 қыз, 1 ұл. Ұлым қалада жұмыс істейді, екінші қызым Марқакөлде. Жолдасым қайтыс болғалы 4 жыл болды. Өз үйің болғаны дұрыс қой. Үйсіз қала ма деп жүресің, енді адам ойламай жүрмейді ғой. Кешеден бері жақсы, қуанып жатырмыз. Балалар да өз үйіміз болады енді деп жатыр.

Берік КӨШЕРБАЙ 

Хабарламаларға жазылу