Кәріз жүйесіндегі апаттан кейін Орал қаласына су берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәріз жүйесіндегі апаттан кейін Орал қаласына су берілді

03.06.2019

Оралда кәріз жүйесіндегі ірі апаттан соң, үш күннен кейін қалаға су берілді. Алайда, кей аудандарда тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына су әлі жетпей жатыр. «Су қоры азайған соң, осындай кедергілер болуда», - дейді мамандар. Қазір резервуарларды толтыру үшін үш жаңа насос орнатылуда.

Есеріңізге сала кетейік, өткен аптада құбыр жарылып, қаланың тең жартысы сусыз қалған еді.

Нұр Төлеуғалиев, «Батыс Су Арнасы» ЖШС директоры:

- Әйнек пластик - өте нәзік материал. Қалдық судың құрамындағы агрессивті заттарға төтеп бере алмай, тесілген. Бұл 15 шақырым кәріз жүйесі 2009 жылы салынған еді. Материалы сапасыз боп шықты. Былтыр да осы жүйеде апат болды. Тағы да болуы мүмкін. Әзірге 10 метрдей металл құбырын жалғап қойдық.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу