Ақтөбеде темір ұрлығы көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде темір ұрлығы көбейген

03.06.2019

Ұрылар кәріз құдықтарының қақпақтарын, электр сымдарын, тіпті зираттардың темір қоршауларын қолды қылудан тайынбайды.

Жыл басынан бері осындай 19 дерек тіркелген. Оның тең жартысының ғана беті ашылған. Енді полицейлерге металл қабылдау алаңдарының иелері де көмек қолын созады. Түсті және қара металл қалдықтарын жинау, өткізу бойынша компаниялар қауымдастығы құрамына енген 13 кәсіпкер ұрланған бұйымдарды қабылдамауға уағдаласты.

Олар арнайы бейнекамералар орнатып, келеңсіздіктердің алдын алуға ниет танытып отыр. Ақтөбеде металл қабылдаумен айналасатын ірі 32 мекеме тіркелген. Бүгінгі таңда оның тек 8-і тұрақты жұмыс істеп тұр.

Орыналы Әбдіғани, қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Себебі - біздің азаматтардың уақытында хабарламауы. Ұрлық саяжай маңында болады. Саяжай иелері көктемде ғана үй-жайларына барып, сол кезде анықтап жатады, сосын бізге хабарлайды. Енді уақыт өтіп кетсе де, ашуға міндеттіміз.

Жақсыбек КЕМАЛ 

Хабарламаларға жазылу