Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси тұтқындар мен олардың балаларының зиратына құлпытас қойылады
Зұлмат жылдары қуғын-сүргін құрбандары мен жазықсыз сәбилерге осы жерден топырақ бұйырыпты. Жер аударылып келген әр түрлі ұлт өкілдері азапты күндерін даладағы тамұқта өткеріп, көбі аштық пен ауыр еңбекке шыдамай қырылған. Биыл мыңдаған жанның сүйегі жатқан қорым қоршалып, құлпытас орнату идеясы қолға алынды.
Оның арнайы қабылданған жобасы да ерекше. Қара тастың үстінде, темір қоршаудың ішінде қайғыдан қабырғасы қайысып,бетін басып жылап отырған ана мүсіні бейнеленген. Ал шешесін қиып, тастап кете алмай отырған балалар образын автор айнала қонған көгершіндер арқылы жеткізген. Осы мүсіннің үлкен нұсқасы бейітке кіре берісте орнатылады. Кейін бір жағында мұсылмандардың, енді бір жағында өзге дін өкілдерінің ескерткіштері бой көтереді.
Игорь Баграмов, құлпытас авторы:
Жобамыз мақұлданды. Енді құжаттар мен сметалық жұмыстары бар. Осында жол салып, жақсы белгі орнатылады, ештеңе назардан тыс қалған жоқ. Жобаны асықпай, ойлап істедік, 3 жыл уақыт кетті.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы