Шараға өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарынан 500-ден астам студент жиналған. Екі күн бойы жастар пікір сайыс алаңында тіл байлығын байқап, сахнада патриоттық әндер конкурсына қатысты.
Спорт алаңында футболдан бақ сынап, жайдарман ойынында тапқырлығын өзара сарапқа салды.
Ауқымды шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған.
Жалпы, облыстағы жастар саны 400 мыңнан асады. Басым бөлігі өңірдегі жастар ұйымдарында, қоғамдық бірлестіктерде жұмылып, жастар саясатын қалыптастырып келеді.
Жомарт Қаратас, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Бұл фестиваль облысымыздағы барлық студенттердің бір-бірімен танысып, пікір алмасып, болашақта бірігіп жобаларды іске асыруда үлкен септігін тигізеді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ