Елдегі белсенді ғалым әйелдер үш тілде білім беру мен қазақ тілін дамыту және балабақша тәрбиесін реттейтін бірнеше жоба ұсынбақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі белсенді ғалым әйелдер үш тілде білім беру мен қазақ тілін дамыту және балабақша тәрбиесін реттейтін бірнеше жоба ұсынбақшы

31.05.2019

Бұл туралы Алматыда өткен «Ұлы даланың  рухани мұрасы - ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтау тірегі» атты алқалы жиында айтылды. Басқосуда танымал зеттеушілер ұрпақтар сабақтастығы ұлттық құндылықтардан басталатындығын жеткізді. Себебі, олардың сөзінше, жаһандану дәуірінде бүгінгі буынның тәлім-тәрбиесі, санасы, болашағына аса маңыз беруіміз қажет. Сонымен қатар, ауқымды шарада қоғам өкілдері «Қазақстандағы 100 ғалым әйел» атты энциклопедия шығаруды қолға алмақ.

Оразалы Сәбден, экономика ғылымдарының докторы:

Өте қажет. Себебі, әлем қазір жаңа өркениетке кірмекші, жаңа цевилизацияға кірмекші. Қалай кіреміз десек, бүкіл талантты ойлардың бәрін ортаға салу керек. Әйел заты қазақ халқының иммунитетін ер азаматтармен  қалыптастырған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу