Теріскейдегі Шал ақын ауданында «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейдегі Шал ақын ауданында «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда

31.05.2019
Теріскейдегі Шал ақын ауданында «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда

Апта сайын аудан басшылығы мен құзырлы бөлімдердің фронт-офисте қабылдау өткізуі – көптеген мәселелерді дер кезінде шешуге сеп болған. Сондай-ақ, әкімдік ғимаратының бірінші қабатын бейімдеу арқылы, басқа нысандарды жалға алатын қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берген. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекпаев жергілікті атқарушы билік өкілдері  атқарып жатқан жұмыстармен танысты. Агенттік төрағасы  өңірдегі ірі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында болып, тұрғындармен кездесті. 

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Ең басты басымдықтары – ашықтық, айқындық және қоғам алдында есеп беретін мемлекет құру. Бүгін келдік, ашық әкімдікті көрдік, көп мәселе шешілген. Тек аудан көлемінде ғана емес, ауылда да істелініп жатыр. Сондықтан, бұл тоқтамайтын процесс. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу