Елорданың ең үлгілі жанұясы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елорданың ең үлгілі жанұясы анықталды

Елорданың ең үлгілі жанұясы анықталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық жеңімпаздары марапатталды. Биыл сайысқа қатысу үшін 60 жанұя өтініш берген. Араларында көпбалалы ата-аналар мен еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан жандар бар.

Қазылар алқасы өнегелі тәрбиесімен, бірлік-ынтымағымен көпке үлгі болған әулеттердің ішінен үздігін анықтау оңайға соқпағанын айтады. Нәтижесінде 7 отбасы жүлделі орынға лайық деп танылды. Ал бас жүлдені Қойбақовтар әулеті иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Сейітхан Қойбақов, қалалық байқаудың жеңімпазы:

- Дамыған отыз елдің қатарына кіреміз деп жатырмыз. Соған әр жанұя өз үлесін қосса, сонда ғана үлкен, күшті мемлекет боламыз. Сондықтан оған біздің әкімшіліктер, өңірлер көп көңіл бөліп жатыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Бөлісу