Келер жылы ІІ Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 толады. Оған дайындық Павлодарда осы бастан жүріп жатыр. Мердігер компания Жеңіс саябағын жөндеуге кірісіп кеткен. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 40 млн теңге қаржы бөлінді.
Аумағы 5 мың шаршы метр саябақтағы сап құрып, шеруге арналған тас жабынды толық жаңартылады. Ал, майдан батырларының қола мүсіндері қазіргі күні таттана бастады. Оларды да тазартып, бастапқы қалпына келтіру жоспарланған.
Арман Құсайынов қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
- Шамамен 10 жылдай уақыт жөндеу жасалмаған екен. Осыдан болар тұрғындар тарапынан өтініш, талап айтыла бастады. Әрине, бұл кешегі сұм соғыстағы бабаларымыздың ерлігі дәріптелетін, оларға тағзым жасайтын жер болғандықтан, сәулетіне біраз өзгерістер енгізілді. Мердігер компанияға жұмыс сапалы болсын деген талап қойылып отыр.
Болат АМАНБАЕВ