Талдықорғанда кадеттер слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда кадеттер слеті өтті

30.05.2019

Талдықорғанда облыстық полиция департаменті 200-ге жуық кадетке құрмет көрсетті. Былтыр оқу жылы басталғанда елімізде алғаш болып Алматы облысындағы мектептерде кадеттік сыныптар ашылды. Болашақ тәртіп сақшыларын өсіріп, оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиелейтін бұл жоба өз жемісін бере бастады.

Қазіргі таңда өңірде 7 кадет сыныбы бар. Ол жерге оқуда озат, спортта жетістігі бар, полиция қызметкері болуды армандайтын жеткіншектер таңдап алынған. Кадеттер слетінде оқушылар үш генералмен кездесіп, департаменттің тыныс-тіршілігімен танысты. Қызметтік иттердің жұмысын көріп, арнайы жасақтың іс-қимылын тамашалады.

Сағындық Асыл-Кеней, Ішкі істер органдарының ардагері:

- Өте керемет. Басқа да мектептерге, басқа да облыстарға жасап жатқан үлгісі. Біздің мемлекетке қажет дүние.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу