Құқық бұзушыға айыппұл салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық бұзушыға айыппұл салынуы мүмкін

29.05.2019

Қоғамға айтарлықтай қауіп тудырмаған адамның жазасы да жеңіл тартуы тиіс. Мәселен ұсақ ұрлық, заңсыз мұнай айналымы немесе заңсыз есірткімен айналысу және жүгенсіздік бұрын қылмыс саналды. Енді оларды қылмыстық теріс қылыққа жатқызу жағы көзделіп отыр. Бірақ әрине шығын көлемін ескеріп барып. Яғни залал 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Егер солай болса, құқықбұзушыға айыппұл салынуы мүмкін. Немесе түзеу, я қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті қатаң дегенде, уақытша қамауға алынады.

Криминологиялық форумда талқыланған заң жобасының ішінде санкциялардың сәйкессіздігі бар. Бір мысал. Заңсыз сыйақы алып, әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылушы 150 тәулікке түрмеге жабылса, заңсыз қару жасағанға қылмыстық кодекс бойынша, 40 тәулік көзделген. Міне, заңгерлер мен ғалымдар және сала мамандары әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық теріс қылықтың аражігін нақтылауды әрі бір-бірінен жүйелі түрде бөлуге күш салуда.  

Серік Темірболатов, құқық қорғау органдары академиясы институтының орталық басшысы:

Егер адам қылмысы үшін қылмыстық жазаға тартылса, ол сотталған деп санала береді. Ал қылмыстық теріс қылықтары үшін жазасын өтеген адам сотталмаған деп есептеледі. Құқықтық салдарын аңғарсаңыз, екіншінің құқы еш шектелмейді. Саяси, тіпті, құқық қорғау органдарында қызмет ете алады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу