Аталған кеңестерді құруда ғылым комитеті көптеген заң бұзушылықтарға жол беріп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдер анықталған. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы Айгерім Пәрменова айтты.
Агенттіктің талдауынан кейін, ұлттық ғылыми кеңес құрамына заңсыз қабылданған азаматтарды шығару туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленген. Дегенмен, бұл құжат әзір қабылданбаған. Бұдан былай грант бөлу конкурсын ашық өткізу үшін комиссия отырысы онлайн режимде көрсетілмек. Айта кету керек, былтыр, ғылым гранттарын бөлу процесі ғалымдар арасында біраз наразылық тудырған. Осыдан кейін өткен жылы қыркүйек айында мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ғылым комитетінің жұмысына талдау жүргізді.
Әйгерім Пәрменова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің басқарма басшысы:
Талдау қорытыныдысы бойынша, ұлттық ғылыми кеңестерді құру кезінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, комитет жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бүгінгі жиында талдау кезінде жасалаған ұсынстардың орындалу барысы қаралды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ