«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр

29.05.2019

Еліміздің рухани астанасы Түркістанда халықаралық конференция өтіп жатыр. «Түркістан - түркі әлемінің бесігі» деп аталатын жиында, тарихи мекеннің әлемдік өркениеттегі орны сараланып жатыр.

Түске дейін конференцияның пленарлық отырысы өтті. Түркия, Қырғыз, Өзбекстан республикаларынан, еліміздің барлық  өңіріндегі келген зерттеушілер, ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады. Ясауидің мұрасы, ілімі, оның түркі руханиятының діңгегіне айналу сыры сөз болды. Дәл қазір сессиялық отырыстар басталды. Онда «Қожа Ахмет Яссауидің әлемдік мәдениеттегі орны мен тағылымы», «Түркістан –түркі дүниесінің киелі мекені, рухани темірқазығы», «Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қолөнер мен музыка», «Түркі әлемінің генезисі» деген тақырыптар бойынша, сессиялық отырыстар жалғасып жатыр.

Досай Кенжетай, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Яссауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, теолог:

Өте маңызды шара болды. Ғылыми-практикалық, теориялық конференция. Түркістанның мән маңызы, тарихтағы салмағы, кеңінен ашылды деп ойлаймын. Сондағы идея не? Идея жаһандану келе жатыр. Соған түркі әлемі бірлесіп қана қарсы тұра аламыз. Бұл – өлмейтін  идея. Оның темірқазығы – Түркістан.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу