Алдағы 6 жылда тоқыма өнімдерінің импортын 50%-ға дейін азайту жоспарда бар
Бұл ретте, мемлекет жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпкерлерге тиімді несие беруді қарастырмақ. Осыған байланысты, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жеңіл өнеркәсіп орнына барып, тігін цехін аралады. Министр еңбекке жарамды азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылуы тиіс екендігін де атап өтті. Айта кетейік, бүгінде жеңіл өнеркәсіптен ел экономикасына түсетін кіріс – 1 % ғана. Елдегі тоқыма өнімдерінің 88 %-ы шет елдерден келеді.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі:
Елбасының тапсырмасына сәйкес, үкіметтен 550 миллиард ақша бөлінген. Ол экспорт өнімдерін кім көбірек шығарады, соларға беріледі. Басқа да Бәйтеректің есебінен берілетін ақша бар. Соның бәрін сіз жақсы пайдалануларыңыз керек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ