Ұлттық тестілеу орталығының басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы парамен ұсталды

24.05.2019

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің айтуынша, орталықтың басшысы пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry көлігін алған.

Бұл сыйға білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіру жұмыстарын бітіріп беремін деп уәде еткен. Күдікті бұрын Ұлттық тестілеу орталығы бас директорының міндетін атқарған. Ал 2016 жылы оны өзі басқарған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген түрде жүргізіліп жатыр.

Ұлттық тестілеу орталығы білім сапасын бағалау жүйесінің аясында емтиханның барлық түрлерін өткізумен айналысады.

Арман Бердалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Ұқсас заңсыз іс-әрекеті үшін, яғни 2017-2018 жылдар кезеңінде делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемде пара алған Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу