Солтүстік Қазақстан облысында ет комбинатының жұмысы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында ет комбинатының жұмысы жанданды

23.05.2019

Теріскейде 5 жылдан бері тоқтап тұрған ірі комбинаттың жұмысы жанданды.   Кәсіпорынды жаңғыртуға    5 миллиард теңге қаржы жұмсалып, жылына 5 000 тонна ет пен 3 000 тонна шұжық өндіретін болады.   

Комбинатта күніне  500  малдың  еті қабылданады.  Қуаттылығы  бойынша  Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың  қатарына еніп отыр. Жылына 8 мың  тоннаға дейін 60 түрлі дайын өнім шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің ет-шұжық өндіру саласындағы экспорттық әлеуеттін артырмақ.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

Жақында ғана модернизациядан кейін шошқа кешені іске қосылды. Қуаттылығы – 50 000 бас, 1 айдан кейін дәл осындай ферманы жаңа кешеннің құрылысын бастаймыз. Жылдың аяғына дейін  қуаттылығы 100 мың бас кешен іске қосылады. Ол еліміздегі ең ірі ферма болайын деп тұр. Ол жерде де 32 жұмыс орыны ашылады.

Жергілікті  тұрғындар комбинаттың жанданғанына қуанышты.  Өйткені,  74 жұмыс орны ашылды. Солардың бірі – Надежда Островкина.

Надежда Островкина, жұмысшы:

Кәсіпорын ашылғалы осында еңбек етудемін. Басшылық өте жақсы кісілер. Жалақымызды уақытылы алып отырамыз. Таңертең өздері әкеліп, кешке үйлерімізге жеткізіп отырады. Менің жұмысым етті майынан ажыратып өңдеуге дайындау.

Қазір комбинаттың жанында 50 шошқаға арналған ферма жұмыс істейді.  1 айдан соң тағы 100 000-ға арналған тағы біреуінің құрылысы басталмақ.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу