Батыс Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды

23.05.2019

Кәсіпорын тәулігіне 16 000 баррель мұнай өндіреді деп болжанып отыр. Қуаттылығы шамамен жылына 800 000 тонна өнім. Бұл аймақ қажеттілігін толық қамтып, өнімді шетелге шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт жоғары сапалы жанармай, дизель, керосин, битум өндірмек. Шикізат Қарашығанақ кен орнынан алынады. Ресейдің Орынбор қаласымен де келісім бар. Араб инвесторларымен бірлескен жоба құны 420 миллион АҚШ доллары. 54 гектар аумақтағы құрылыс келер жылы аяқталмақ.

Жанна Бекқалиева,  облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

Мұнайды терең өңдеу зауыты Теректі ауданы Алғабас ауылында жоспарлануда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы инновациялық технологияларды енгізуге, жаңа 200 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу