Петропавлда ұлттық өнер ұлықталған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ұлттық өнер ұлықталған кеш өтті

21.05.2019

Петропавлда ұлттық өнер ұлықталған кеш өтті.   «Сегіз сері» атындағы қазақ   ұлттық аспаптар оркестрі  теріскейдің  аспанында жауһар  әнді  әуелетіп,  күмбірлеген күйлерін шарықтатты.  

 «Сегіз сері» атындағы      ұлттық аспаптар оркестірінің құрылғанына - биыл 18 жыл. Төл өнерімізді дәріптеп, республикалық байқауларда топ жарып жүрген өнер ұжымы бүгінгі кешке ерекше әзірленген. Репертуарларын кеңейтіп, жаңа әндер мен күйлер қосқан.

Қайырлы  Ғафуров «Сегіз сері» қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі:

Жалпы, бұрын филармонияның барлық ұжымдары қосылған концерт өтуші еді. Биыл өзіміз жеке маусымдық жабылуымызды жасап жатырмыз. Бұл да бір ерекшелігіміз, жылдың жаңалығы деп айтуға болады.

Ақын-композитордың  «Дәуір» атты күйінің тұсауы бүгін үлкен сахнада кесілді. Ұлттық өнерді дәріптеп, теріскейдегі тума таланттардың жанашырына айналған азаматтың бұл үшінші күйі.

Дәстен Баймұқанов,  ақын, композитор:

Күй өнері деген бұл басқа деңгей, басқа көзқарас. 50 жылда заманның қалай өзгергенін осы күйде беруге тырыстым. Бұл күй бір күнде туған жоқ.

 «Ұлы даланың әуендері» деп аталған бұл кештің ерекшелігі ұлттық өнердің салтанат құруында. Құндылықтарға деген құрметтің артуында»,- дейді жиналғандар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу