Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Iкөмек орталығында болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ikomek109» мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығына барды. Орталық тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін бақылайды, коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді. Президентке басқару панелінің мүмкіндіктері көрсетілді. Мұнда 6 мыңнан астам камера қосылған, олар төтенше жағдайларда шұғыл әрекет етіп, оларды жоюға, сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың қызметінің негізгі тұтынушысы ретінде халықпен тиімді кері байланыс және коммуникация орнатуы үшін заманауи цифрлық технологияны қолданудың маңызды екенін атап өтті.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы