Басты Жаңалықтар Елордалық жастар ауызашар беріп, қайырымдылық жасамақ

Елордалық жастар ауызашар беріп, қайырымдылық жасамақ

«Былтыр үш мың балаға ауыз аштырсақ, биыл бес мың адамға ауызашар ұйымдастырмақ ниетіміз бар». Бұл - «Ramazan challenge» бастамасы авторларының бірі Амандық Дәулетбекұлының пікірі.

Өзі танымайтын адамның алдына ас қояды. Егер келген адам астан ауыз тиіп, шөлін қандырып, қарнын тойғызса, соған шын қуанады. Бұл тек мұсылманға тән - асыл қасиет. Осы ұстанымды ұран еткен елордалық бір топ жігіт 5 мың адамға ауызашар береміз деп бекінген. Үш бірдей мейрамханада ұйымдастырылатын ауызашарға күнделікті кемі 200 бала қатысады.

Аманбол Гагаринұлы, студент:

- Осы Қазақстан үкіметі шетелдегі қандас бауырларымызға тегін оқуға мүмкіндік берді. Солардың бірі мен боламын. Болашақта оқу бітірген соң осы жерде қалуға ойымыз бар.

Сөз емес, іспен жас буынға үлгі болған жігіттер миллионер деп ойласаңыз, қателесесіз. Кішігірім бизнесі бар, не айлыққа жұмыс істейтін қарапайым азаматтар. Көздегені – сауап.

«Алла риза болсын» деген бір ауыз сөз алтыннан да қымбат», - дейді Аманбек. Түсінген пендеге маржан, түсінбеген кісіге арзан.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Бөлісу