Елорда тұрғындары соғыста құрбан болғандардың ерлігін еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғындары соғыста құрбан болғандардың ерлігін еске алды

08.05.2019

Елордада жеңіс үшін құрбан болғандарды еске алу құрметіне гүл шоқтары қойылды. Шараға ардагерлер мен жергілікті билік өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Тағзым ете келгендер отан үшін отқа түскендерге арнап естелік өлеңдерін оқып, құрметтерін білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда ІІ Дүниежүзілік соғыстың 71 ардагері тұрып жатыр. Сондай-ақ, 4 мыңға жуық тыл еңбеккері бар. Ардагерлер жыл сайын тегін курорттық ем қабылдап, әлеуметтік көмек алып отырады. Биыл қалалық мәслихаттың атынан ардагерлерге 520 мың теңге төлем берілді.

Олег Линников, соғыс ардагері:

- Фронтқа аттанғанымда 14 жаста едім. Курскте, Киевте болдым. Украинаны жаудан босатуға атсалыстық. Танктегі десантшылар қатарында едім. Житомерде жараланып, Қазақстанға оралдым. Сол кезден бері осында тұрамын. Бізге көрсетілген құрмет пен көмектің көлемі шексіз. Алғысымды айтамын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу