Теріскейде ауыр экономикалық қылмыстар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде ауыр экономикалық қылмыстар көбейген

08.05.2019

«Оңай олжаға құныққандардың араны жылдан-жылға ашылып барады»,-дейді мамандар. Мысалы, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ-ға тиесілі 90 миллион теңгенің бидайын сатып жібергендер жуырда жазаға тартылды. Ал, қаланы жарықтандыруға жауапты қызметкерлер 44 миллион теңгені қолды қылған.

Сондай-ақ, миллиондаған шөлмек алкоголь өнімдерін сақтап, жалған құжатпен сатпақ болғандар да жауапқа тартылды. Олардың заңсыз кәсібінің кесірінен мемлекетке 200 миллион теңге көлемінде шығын келген.

Нұрымжан Абатов, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің бастығы:

- 7 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысында жалған шот-фактуралармен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Олардың заңсыз істерінің салдарынан мемлекетке 3 миллиард теңгеге жуық қаражат салық ретінде түспеген. 300-ге жуық бизнес өкілі олардың қызметіне жүгініп, салық төлеуден жалтарған. Бүгінгі күні бұл іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу