Литвада сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литвада сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтеуі мүмкін

08.05.2019

Қазақстан мен Литва сотталған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған азаматтарын бір-біріне беретін болды. Бүгін палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кезекті жалпы отырысында екі ел  арасындағы тиісті шартты ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.

Жалпы еліміздің бұған дейін 18 мемлекетпен тек істі болып, түрмеге түскендерді беру бойынша уағдаластығы бар.

Ал, медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылған азаматтарды алдыру мәселесі 2015 жылы қабылданған қылмыстық-процессуалдық кодекске сай көтерілген. Дегенмен бәрі бірдей қайтарыла бермейді.

Марат Аxметжанов, ҚР БАС Прокурорының орынбасары:

- Елімізде сотталған басқа мемлекеттің адамдарын бермеуге құқылымыз. Егер ол бізге салған шығынды өтемесе, зардапты өтемесе. Не болмаса ол біздің еліміздің мүддесіне зиян әкелетін болса. Мысалы, тыңшы болып мемлекеттік құпияларды білетін болса, әрине, оны беруден бас тартамыз.

Осы мәселе бойынша Қазақстан Еуропа конвенциясы қатарына толық кірмеген. Тек әр елмен өзара түсіністікке келіп, жеке-жеке мәміле жасап жүр.

Марат Сыздықов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Аталған конвенциялар қосылуға Қазақстан 3 өтініш жасалған. Алайда, қатысушы барлық елдер қолдамады. Себебі еуропалық кеңестің хабарлауынш,а адам құқықтары саласындағы Қазақстанның заңнамасы еуропалық стандартқа сәйкес келмейді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу