Басты Жаңалықтар Қарулы Күштердің мықты әрі сенімді құрамы - әуе десантшылары

Қарулы Күштердің мықты әрі сенімді құрамы - әуе десантшылары

Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы 68/665 әскери бөлімі көктен түсіп, тұтқиылдан шабуылдайтын жауынгерлерді дайындайды. Әскери бөлімнің жұмыс істеп жатқанына биыл 16 жыл. Осы уақыт ішінде бұл жерден 5 мыңға жуық десантшы шығыпты. Жалпы, десантшы болу оңай ма? Әуеден жерге құлдилау үшін қандай дайындық болу керек. Қауіпсіздік шаралары қандай?

Сәуле Алдамұратқызы, тілші:

- Біз бүгін қала маңындағы әскери қалашыққа келдік. Бұл жерде десанттық шабуылдаушы бригада күнделікті жаттығу өткізеді. Олар парашюттан секіру үшін дайындалады. Мен олардың бір күндік жаттығуына қатысамын.

68/665 әскери бөлімінде 200-ге жуық сарбаз бар. Олардың күнделікті дайындығы осы жерден басталады. Ең бастысы - парашютті дұрыс жинай білу керек. Мүлт кетуге болмайды. Себебі әр сарбаздың өмірінің қауіпсіздігі өз қолында.

Бұл - әскери бөлімге күзде шақырылған 19-22-дегі жігіттер. Осы дайындақтарының нәтижесін шілде айында әуеде көрсетеді. Сондықтан берілген тапсырманы бұлжытпай орындау - басты міндет.

Сәуле Алдамұратқызы, тілші:

- Бір қарасаң мына баллондардан секіру оңай секілді, алайда екі аяқты қосып ашпай баллоннан-балонға секіру оңай шаруа емес екен.

Келесі жаттығу - әуеде тікұшақтан секіру. Кез келген адамда үрей туғызатын да осы жер. Себебі аспаннан жерге аман-есен түсуің керек. Тиянақты дайындығыңның жемісін сонда көресің.

Ерлан Қазыкенов - 68/665 әскери бөлімінің әуе десанттық дайындық қызметінің аға офицері, майор:

- Осы жаттығуда десантшылар тікұшақта дұрыс отыруды және дұрыс орналасуды үйренеді. Және тікұшақтан аспанға секіріп шығады. Секіріп шыққанда аспанда парашюттың ашылуын 3-5 секунд күтеді. Және аяқ-қолдарын жинап алуы тиіс.

Ал, бұл - тіқұшақтан секіргеннен кейінгі кезең. Әуеде қалықтап келе жатқан сарбаздар бір-біріне соқтықпас үшін жердегі жаттығуды көкте қайталайды.

Сәуле Алдамұратқызы, тілші:

- Біз, міне, Отан қорғаушылар мерекесінде сарбаздарды құттықтауға келдік. Олардың бір күндік жаттығуына қатыстық. Оңай емес екен. Отан қорғаушылар мен сарбаздарымыз аман болсын!

Бөлісу