Қажылыққа барарда қандай халықаралық талаптарды орындау қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылыққа барарда қандай халықаралық талаптарды орындау қажет?

07.05.2019

Ауыз бекітетін адам шай не кофеден бас тартып, есесіне кемі 10 стакан су ішуі керек. Осылай деген еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 12 мүшесі сау адамның өзі 20 сағат бойы аш жүруі оңай емес екенін ескертті.

Рамазан - жақсылық айы. Бұл айда адамдар ішіп-жемнен ғана тиылып қоймай, өзара жақсылықта жарысады. 30 күн оразадан соң айт тойланады.

Биыл 11 тамызда басталатын үлкен қажылыққа Қазақстаннан 3200-ге жуық адам парызын өтеу үшін аттанбақ.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімшартқа сай, қажылыққа баратындар менингококқа қарсы вакцина егулері керек. 15 мамырдан бастап еліміздің 8 қаласында 14 медициналық мекемеде менингококқа қарсы екпе егу басталады.

Жанділлә Бекжігітов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі:

- Шынында әлемдегі мұсылман мемлекеттерінің ішінде Қазақстан азаматтары секілді емін-еркін қажылыққа баратын халық жоқ. Тіпті, Орталық Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан елінде де азаматтар кезекке тұрып қажылыққа барады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу