Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысының жұртымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысының жұртымен кездесті

06.05.2019

Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Жанат Омарбекова және Әлия Сапарова Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Басты мақсат - аймақтың жағдаймен танысу, ел-жұрттың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына жауап беру.

Мәжілісмендер Шемонаиха ауданында орналасқан «Уба» шипажайының жұмысын көріп, ұжыммен кездесу өткізді. Сонымен қатар, олар Семей, Курчатов және Риддер қаласы мен бірқатар ауданда болып қайтты. Ал бүгін Бородулиха және Алтай ауданындағы сайлаушылармен кездесу өткізеді. Ауыл аймақты аралап жүрген Мәжіліс депутаттары облыста мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын жоғары бағалап, халықтың белсенділігін атап өтті.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халық үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Бизнес бастап, несие алып, малдарын өсіріп дегендей, біздің Қазақстан экономикасын дамытуға өз үлестерін қосамыз деп еңбектеніп жатыр. Ол - қуантатын жағдай.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу