Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр

06.05.2019

«Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен үнемі байланыста. Ұшақта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтудеміз»,- деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Кеше кешкісін Мәскеу-Мурманск бағытында көкке көтерілген «Аэрофлот» әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 ұшағы шамамен жарты сағаттан соң апатты түрде әуежайға қайтып келіп, қонған бетте өртене бастаған. Апаттан 41 адам қайтыс болды. Әуе лайнерінің бортында 73 жолаушы мен 5 экипаш мүшелерінің ішінен, 37-і адам ғана аман қалды. Алдын ала болжам бойынша, өрт шассидің дұрыс жұмыс істемеуінен тұтанған. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағы 2017 жылы Ресейде шығарылған.

Елена Марковская, РФ Тергеу комитеті Мәскеу аймақаралық көлікті тергеу басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі:

- Ұшақта барлығы 73 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 28 жолаушымен тергеушілер және психологтар жұмыс істеп жатыр. 5 адам ауруханаға жеткізілді. Ұшақта болған барлығы 78 адамның 37-сі ғана тірі қалды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу