Оған жергілікті фермерлер өздері дайындаған 110 тонна өнім әкелді. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік өңірлерінен ерте пісетін көкөніс түрлері қойылды. Мәселен, қырыққабат 190 теңгеден сатылды. Ал, жылқы етінің қазы, қарта, жая сынды жұмсақ еті 1500 теңгеден, сиыр еті - 1400, қой еті 1300 теңгеден шығарылды. Ал, ұн, сүт өнімдері нарықтағыдан 10 пайыз арзан бағамен сатылды. Жәрмеңкеге келушілерге көршілес Ресейдің Омбы облысының тұқымбақтарында өсірілген жеміс ағаштарының көшеттері де ұсынылды.
Нұрсұлтан Жылқыбаев, қала тұрғыны:
- Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бағалары өте төмен, жақсы, өзімнің үйіме қажетті барлық азық-түлік өнімдерін алдым.
Баршагүл Базарханова, қала тұрғыны:
- Әрдайым осы жәрмеңкеге келіп тұруға ниетіміз бар. Бәрі ұнап тұр бізге. Мерекемен барлық Қазақстан халқын құттықтаймын.
Болат АМАНБАЕВ