Павлодар облысы, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметінен қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

29.04.2019

Талғат Бегимов әкімшілікте ауыл шаруашылығы саласына жауапты әрі жер қатынастары жөніндегі комиссия төрағасы болған. Соны желеу қылып шаруа қожалықтарына көктемде қарамық салдырып, күзде оны жинаттырып алып отырған. Жанар-жағармай, тұқымға қажетті шығынды шаруалардың мойнына артқан. Ал, кейбір фермерлерді құнарлы егіс алқаптарын рәсімдеп беремін деп, «бармақ басты, көз қысты» әрекетке мәжбүрлеген.

Айта кету керек, дәл осы аудан әкімінің орынбасарына қатысты аймақтық тәртіптік кеңес өткен жылы да іс қараған болатын. Сондықтан бұл жолы кеңес мүшелері оны жұмыстан шығару жөнінде бірауыздан шешім қабылдады.

Ерлан Төлегенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Шарбақты әкімінің орынбасары Бегимов өз лауазымды өкілетін пайдаланып шаруа қожалығы басшысына өзі көрсеткен жерге егін салғызып, солай мәжбүрлеген. Сол үшін Әдеп жөніндегі комиссия шешімімен оған қатаң жаза қолдану ұсынылды. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу