ШҚО-дағы инклюзивті білім беретін мектептерде метериалдық-техникалық база жақсарып келеді. Оларды арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін биыл бюджеттен тағы 272 миллион теңге бөлінді.
Жалпы, қазір аймақта 56 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру - бүгінгі басты мәселе. Мысалы, арнайы комиссия аймақта мүмкіндігі шектеулі жандар жиі қатынайтын 2600-ден астам ғимаратты анықтаған. Олардың арасында спорт кешені, ауруханар, дүкен мен дәріханалар бар. Өткен жылы бұл мекемелерді пандустармен және жедел сатылармен қамтамасыз ету үшін 200 миллион теңге жұмсалды.
Дина Байбудинова, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:
- Облыста 1476 әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысаны мүмкіндігі шектеулі жандардың қолданысына ыңғайланып салынған. Биыл және келесі жылы тағы 600-ге жуық құрылыста осы жайт ескеріледі.
Берік КӨШЕРБАЙ