Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына 602 млн теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына 602 млн теңге жұмсалады

29.04.2019

Павлодар облысында шыбын-шіркейлерді улауға бюджеттен 602 млн теңге қаржы жұмсалады. Биыл бұл жұмыстар облыс орталығында жылдағыдан ерте басталды. Себебі сәуірде қар еріп, жер құрғап қалған. Енді кешіктірілсе, қансорғыштардың дернәсілдері жанданып, қанаттанып шыға келуі мүмкін. Сондықтан саяжайлар мен қар суы жиылған ойпанды аумақтарды дәрілеу жүріп жатыр.

Негізі аймақта шыбын-шіркейлерді улау Шығыс Қазақстан облысы шекарасынан бастап Ресейдің Омбы облысы аумағына дейінгі 500 шақырымдай жерді қамтиды.

Әнуарбек Аманов, қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күнде Павлодар қаласында 10 мың гектар жерді улаймыз. Және Мойылды ауылында 50 гектар жерге себіледі. Биыл 24 млн теңге қаражат бөлінді. Ғылыми жұмыстарға 3 млн 600 мың теңге бөлінді.

 

Хабарламаларға жазылу