Қарағанды облысында күшті дауылдан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында күшті дауылдан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті

26.04.2019

Секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққан желге Қарқаралы ауданынан қарасты Көктас ауылындағы Мәдениет үйінің шатыры шыдас бермеген. Ал, Нұра ауданындағы Шахтер елді мекенінде екі пәтерлі тұрғын үйдің төбесі қираған. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы бес қабатты үйдің де шатыры ашылып қалды.

Әсіресе, №11 мектепке көп шығын келді. Оқу ордасы шатырының 250 шаршы метр аумағынің күлпаршасы шыққан. Оны салып берген мердігер компанияның кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Дауылдан болған жайттар кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Арман Бақтыбаев, қалалық Білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта инженерлік топ мектепке барып жағдайды бақылады. Бұл білім мекемесінің шатыры осыдан бірнеше жыл бұрын желден ашылып қалған еді. Енді мамандар жағдайдың не себепті қайталанғанын тексеруде. Яғни, бір кемшілік бар, оны анықтап, төбені жаңадан жабатын боламыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу