Талдықорғанда өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары арасында WorldSkills стандарттарын енгізу бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, шеберліктерін дамытуға бағытталған жиын еліміздегі кәсіптік білім беретін оқу орындарының да сапасын жақсартуды көздейді. Кеңес қорытындысы бойынша педагогтардың беделін арттыру туралы ұсыныстар әзірленеді.
Рауза Шырғатова ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық жобалар басқармасының жетекшісі
- Экономикамыздың цифрландырылуына байланысты жаңа әдістер қолдану қажеттілігі туындады. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беруде модульдік-жүйелік бағдарламалар енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда біздің жүйеде 246 модульдік бағдарлама бар. Бұл жиында мамандарымызға енгізу және қолдану бойынша түсініктеме беріледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ