Өскеменде жыл басынан бері 32 адам ата-ана құқығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жыл басынан бері 32 адам ата-ана құқығынан айырылды

25.04.2019

Олардың көбі ішімдікке салынған. Қазіргі уақытта 160-тан астам отбасы полиция бақылауында. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар арнайы рейд ұйымдастырып, олардың үйіндегі тұрмыс жағдайды тексерді.

Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Араққа салынған, рухани азып-тозған отбасылар ата-құқығынан айырылады.

Гүлнұр Түсіпова, қалалық Полиция басқармасының инспекторы:

- «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде Өскемен қаласы бойынша полиция қызметкерлерімен 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзылышылық анықталған. Олардың ішінде 2 хаттама ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармаған адамдарға қатысты толтырылып, қазіргі уақытта сотқа жолданған. Осындай қиын отбасылармен Өскемен қаласы полициясының қызметкерлері, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар күнделікті жұмыс атқарады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу