Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі мәлімдеді. Мәселен, енді Нұр-Сұлтандағы көпбалалы аналар тіс протездеу қызметін тегін алады. Екіншісі бас қаладағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқандарға көрсетілетін қаржылай көмек артады.
Сондай-ақ, қыс мезгілінде қатты отын алу үшін көмек көрсетілетіндердің де саны артатын болды.
Артем Абильдинов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазір біз саяси репрессияның құрбандарын қоғамдық көлікте тегін тасымалдау жоспарлап отырмыз. Ұсынысымызды қалалық мәслихат мақұлдаса, олар да жеңілдікпен жүретіндердің қатарына қосылады. Ал қазір көпбалалы аналар, жетімдер, соғыс ардагерлері және мүмкіндігі шектеулі жандар автобустарда тегін жүреді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҚЫЗЫ