Халықты ауызсумен қамту бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр
Өткен жылы 6499 ауылдың 3892-сі, яғни 60 пайызы орталықтандырылған ауызсуға қол жеткізді.
Елбасы өткен жылғы Жолдауында да осыған баса назар аударған болатын. Соның аясында 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, қазір жұмыстар жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, Қазақстан халқының 90,2 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алайда, жекелеген өңірлерде мәселелер бар. Жамбыл және Ақмола облыстарының кей қалаларында ауызсуға байланысты түйткілдер шығып отырады.
Ал, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей ауылдарына су бармаған. Себебі ауылдықтардың саны 200-ден аспайтын болса, сумен қамтуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.
Мархабат Жайымбетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:
- Елді мекеннің тең жартысы 200 түрғыннан аспайды. Ол жерге инженерлік жүйелерді салуды қажеті жоқ деп отырмыз. Ол жерде жергілікті бюджеттен қаржы бөлінсін. 20-30 млн. Ол жерлерге контейнерлер қойылсын, тазалау жұмыстары жүргізілсін деп отырмыз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы