Жамбыл облысында «Халыққа көмек» жобасы қарқынды жүзеге асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Халыққа көмек» жобасы қарқынды жүзеге асып жатыр

23.04.2019

Жамбыл облысында «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе партиялық жобасы өз жемісін бере бастады. Бастама аясында 600-ге жуық адам жүгініп, 200-ге тарта азаматқа нақты қолдау көрсетілген.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Мәслихат депутаттары түске дейін 25 адамды қабылдап, жұрттың өтініш, тілектерімен танысты. Келушілердің арасында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Басым көпшілігі баспана кезегі, жер, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу сияқты түрлі проблемалармен келген. Фракция мүшелері олардың жуық арада шешімін тауып, оң нәтиже шығаруға ықпал етпек.

Сандуғаш Тұрлыбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Жәрдемақы, жұмыссыздық мәселелерін шешіп берді.

Бақытжан Сейіткәрімов, облыстық мәслихат депутаты:

- Баспана кезегі деген сияқты шешілмейтін мәселелер болып тұр. Кезекті ешкім жылжыта алмайды ғой. Ал, әлеуметтік көмекке біз ықпал жасап жатырмыз. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу