Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Ұлы даланың ұлы құндылықтары»атты көрме ашылды. Шарада сала ғалымдары ауыл шаруашылығына қажет мамандарды оқытуда ұлттық ерекшеліктердің маңызын түсіндірді. Оның тиімді жолдарын көрсетті. Себебі, болашақ мамандар ең әуелі ұлттық құндылықтарды санасына сіңірсе, білімді, тәлімді кадр болып шығады.
Мәселен, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған жылқы, алма, қызғалдақ сияқты материалдық қажеттіліктердің халқымыз үшін орны бөлек. Сондықтан, оны өсіріп, күтіп баптауда осы заманға сай ғылым-технологияның жетістігін пайдалана білу - міндет.
Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
Алманың атасы ол Алатау бөктерінен шыққан Сиверс алмасы. Осыны біз насихаттап бүгінгі елге көрсетіп отырмыз. Сонымен бірге, жылқы малы. Басқа да осы ұлы даланың жеті қырын ерекше көрсететін мамандарды дайындаймыз.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ