Шымкентте былтырдан бері арбат үлгісіндегі көшелер пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте былтырдан бері арбат үлгісіндегі көшелер пайда болды

19.04.2019

Келбеті күн санап ажарланып келе жатқан Шымкент қаласында былтырдан бері арбат үлгісіндегі көшелер пайда болды. Аққайың ағашы мен раушан гүлдері жайқалып тұрған мұндай саяжолдар тек тынығу, серуендеу орны ғана емес, сәулетімен де көз таратады. Мұндай орындар әсіресе, қаланың әл-Фараби ауданында көптеп саналады. 

218 мың халық тұратын аймақ Шымкенттің құрамындағы  ең үлкен аудан саналады. Аудан былтыр «Таза қала!» акциясы бойынша «Ең үздік» аймақ номинациясына ие болды. Ал аудан әкімінің орынбасары Дәурен Босымбаев шаһарды  көріктендіру, көгалдандыру мен абаттандыруға қосқан үлесі үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы, шаһардағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешу үшін  жергілікті билік өкілдері тұрғын үй орамдары басшыларымен айына бірнеше мәрте бетпе бет кездесу өткізіп отырады. 

Дәурен Босымбаев, Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі:

Орам басшылары жиналып, аудандағы өзекті мәселелер талқыланып отырады. Осы кезде әрбір үй басқарушы өзінің ауласына, үйіне, жолдарына қатысты мәселені талқылап, оның шешілуіне қатысты тиісті басқармалармен жұмыс жасаймыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу