Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстары мамырда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстары мамырда басталады

18.04.2019

Биыл 4 миллион гектардан астам жерге дәнді-дақыл егілмек. Оның дені - бидай. Мал азығы егілетін аумақ көлемі - 600 мың гектардан астам. Бірақ мамандардың айтуынша, бұл аз. Себебі облыста жыл сайын мал саны ұлғайып келеді. Сондықтан қорек өсірілетін алқаптарды көбейту керек. Бүгінде барлық шаруашылықтар тұқыммен толық қамтылған. Егіс жұмыстарына қажетті дизель отынының 51 пайызы ғана бар. Жанар-жағармаймен қамту кестеге сай жүргізілмек.

Сондай-ақ, техникаларды жаңарту қажет. Қазір облыстағы ауыл шаруашылығы техникаларының 53 пайызының тозығы жеткен. "Биыл ауа райы егіннің бітік шығуына қолайлы. Ылғал көп. Дегенмен оның кері әсері де болуы мүмкін", - дейді мамандар.

Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры:

- Биыл ылғал көп болғаннан аурулар көбейе түседі. Мысалы, септориоз деген ауру. Онымен күресуді дұрыстау керек. Гербицидтерді сеуіп, аурулармен күресуді күшейту керек.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу