Қазақстанда «ақылды» ауылдар пайда болуы мүмкін. Агросалада өнімділікті арттырып, жұмысты жүйелендіруде ақпараттық коммуникациялар технологиясының маңызы зор. Оңтүстік Корея сондай мүмкіндікті жасап беруге әзір. Бұл - екі ел арасындағы Экономикалық саясат институттары әріптестігінің нәтижесі. «Ал, жобаның нақты тұжырымдамасы туралы қос мемлекет Президенттері кездесуінде кеңірек айтылады»,-дейді делегация өкілдері. Бірақ бірқатар салалар бойынша уағдаластық барын жеткізді.
Ли Чже Ен, Корея халықаралық экономикалық саясат институтының президенті:
- Арадағы былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асыпты. Мұның өзі тығыз қарым-қатынасымызды білдіреді. Және сіздегі төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында даму бағдарламасы біраз бағытқа жол ашты. Мысалы, медицина саласы, электронды үкімет тұрғысынан тәжірибемізбен бөлісе аламыз.