Талдықорғанда «Өмірдің толқынында бол!» атты жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Өмірдің толқынында бол!» атты жастар форумы өтті

11.04.2019

«Өмірдің толқынында бол!» Талдықорғанда осындау атаумен облыс жастарының форумы өтті. Шараның басты мақсаты жастар арасында суицид пен қауіпті іс-әрекеттердің алдын алу. Жалпы Алматы облысында өткен жылы өңір жастары арасында 80 адам өзіне қол жұмсап, бұл өмірмен қоштасса, тағы 69 жас өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен.

Ал биылғы жылдың тек бірінші тоқсанында 17 суицид жағдайы тіркелген. Осындай қорқынышты деректерді болдырмау мақсатында өңірде кешенді шаралар қолға алынды. Әр аудан мен қалаға арнайы психолог мамандар жұмысқа алынып, жастармен тығыз жұмыс істеуге кірісті. Сондай-ақ өңірде «Бақыт» отбасылық клубы ашылып, ажырасу деректерін азайтуға әрекет етуде.

Жомарт Қаратас, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Бақыт отбасылық клубының жұмысы жақсы жүргендіктен, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жастарға қолдау көрсету аясында, жастарға психологиялық қолдау көрсету аясында 20 психолог бірлігін берген болатын. Қазір әрбір аудан қаламызда 20 психологтар жастар ресурстық орталықтары,  жастарға қызмет көрсету орталығының жанында қызмет атқаратын болады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу