«Қияр мен қызанақ бағасы мереке күндері қымбаттаған жоқ». Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов осылай деді. Оның айтуынша, Астанада бір келі қияр 1400 теңгеден 1200 теңгеге түскен. Министр екі ортада делдал болып отырған алыпсатарлармен күрес басталғанын айтты.
Қазіргі таңда, монополияға қарсы комитетке бірқатар ұсыным жіберген. Мәселен, мұхиттың арғы беті Эквадордан келетін банан бағасы қысы-жазы 400-450 теңге маңында саудаланады. Ал, өз елімізде өсіп-өнген қияр мен қызанақтың бағасы қыста 100-ден 300 пайызға дейін неге қымбаттап кетеді-деген журналисттер сауалына былай деп жауап берді.
Руслан Даленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Жаңағы банандарға қатысты айтсам. Банан саудагерлері логистикалық жүйені өте жақсы жолға қойған. Әрі, сол банан сақтайтын ірі қоймалары да бар. Сол сияқты бізде көкөніс қоймаларын салуымық қажет. Осы шара іске асса қызанақ пен қияр бағасы қысы-жазы тұрақты болмақ.
Ғабит БӨКЕНБАЙ