Басты Жаңалықтар Театрдың тарихи сәулеті сақталып, толық жаңартылды

Театрдың тарихи сәулеті сақталып, толық жаңартылды

Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр ауқымды жаңартудан кейін көрермендерге есігін қайта ашты. Тарихи ғимараттың келбеті сақталып, сахнасы мен ішкі жабдықтары толық жөндеуден өтті. Мерекелік ашылу рәсімінде көрермен назарына «САЦ. Үйге оралу» атты гала-қойылым ұсынылды.  Театрдың төл сахнасына оралуына орай әртістер бірнеше қойылым әзірлеген. Негізгі сахнада «Етік киген мысық» музыкалық ертегісі, ал камералық сахнада «Шекспир құмарлықтары» комедиясы көрерменге ұсынылды. Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі театр тарихы мен оның дәстүрлеріне арналған  қойылымға ұласты. Толықтай заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткен өнер ордасында барлық жағдай жасалған, - дейді театр әртістері.

Мақсат Сахиұлы,  Н.Сац атындағы театрдың  әртісі:

Жүз процент бәрі жаңа. Сахна да жаңа. Сахнаның өзінің механизмдері бар. Айналатыны бар, көтерілетіні бар, жарық, музыкалық әзірлеудің бәрі жаңа түрде жасалған. Жаңа гримерка берген. Душы бар дегендей. Ол актерларға өте керемет жақсы нәрсе.

Бөлісу