Басты Жаңалықтар «Бірлік – Таза Қазақстан үшін» экологиялық акциясы өтті

«Бірлік – Таза Қазақстан үшін» экологиялық акциясы өтті

Қарағанды облысында «Бірлік – Таза Қазақстан үшін» дәстүрлі экологиялық акциясы басталды. Игі бастамаға 2000-ға жуық адам қатысып, Молодежный кенті аумағын абаттандыруға атсалысты. Акция аясында елдімекеннің мәдени-сауық орталығының аумағына 500 түп қылқанжапырақты көшет отырғызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, ауыл-аймақты  көгалдандыру және қоғамдық бірлікті нығайту. Қатысушылар бұл бастаманы жылына екі рет өткізіп, өзге өңірлерге де тарату жөнінде ұсыныс білдірді.

Ақбаржон Исмаилов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Мемлекет басшысы әр сөзінде тазалық дәстүр деп айтып тұратын. Сол себепті осы бастаманы қолға алып өткізіп жатырмыз.

Бөлісу