Басты Жаңалықтар Сақ дәуіріне тән бірегей алтын әшекей табылды

Сақ дәуіріне тән бірегей алтын әшекей табылды

Алматыда сақ дәуіріне тиесілі құнды жәдігер табылды. Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба кезінде алтын бұйымдар, қыш ыдыстардың сынықтары мен адам сүйектері анықталды. Ғалымдардың алдын ала болжамынша, қорғанда төрт ересек адам мен үш бала жерленген болуы мүмкін. Табылған олжалардың ішіндегі ерекше құнды әрі бірегей зат – аю бейнесіндегі алтыннан құйып жасалған шағын мүсін. Мамандардың сөзінше, бұл бас киімді безендіруге арналған әшекей болуы мүмкін. Яғни, бұйым бас киімге бекітіліп тағылған болуы ықтимал. Бұған әшекейдің шетіндегі арнайы ойықтар дәлел.

 Ләззат Сағындықова, Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры:

Антрополог мамандарды тартамыз. Яғни ол жасын сүйектердің, жынысын анықтайтын болады. Бұл олжа сирек кездесетін құбылыс. Себебі соңғы рет 2014 жылы Алматы қаласының аумағында барыстың бейнесінде және қыран құстың бейнесіндегі Алатау ауданы Көкқайнар ықшамауданының аумағында осындай археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған болатын.

Бөлісу