Басты Жаңалықтар Алматыдағы РФММ директоры ауысты

Алматыдағы РФММ директоры ауысты

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры оқушылардың жаппай улануынан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап білім ордасына жаңа басшы келген. Еске салайын, осыдан 1 ай бұрын Республикалық физика-математика мектебінің 58 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Денсаулық сақтау министрлігі оқу орнының тамақтану блогын тексеру кезінде санитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Ал Алматы қаласының полициясы жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 10 күн емделіп, оқушылардың барлығы үйлеріне шығарылды. Мектеп баспасөз қызметінің мәліметінше, асхананың жұмысын қалпына келтіру үшін уақыт қажет. Сондықтан басқа өңірлерден келген оқушылар әзірге мектеп-интернатқа орналастырылмайды.

Бөлісу