Басты Жаңалықтар «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды

«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды

Жамбыл облысы енді елімізде қар барысы ең көп кездесетін аймаққа айналады. Өйткені өңірде алғаш рет «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды. Осылайша Алатау баурайындағы 83 мың гектардан асатын алқап ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алды.  Жоба Меркі ауданындағы жайқалған өсімдік пен жорытқан аңның сирек түрін сақтап, қорғауға бағытталған.  Бұл бағытта тау экожүйесі мен биоалуандылық ғылыми және экологиялық тұрғыда зерттеледі. Мұнда «Қызыл кітаптағы» 100-ден астам өсімдік түрі мен 12 аң кездеседі. Соның бірі саны 10-ға жеткен қар барысы, Түркістан сілеусіні, Тянь-шянь арқары, Үнді жайрасы және қабан мен елік бар. Мамандар бір кездері  жойылып кете жаздаған қар барысының саны енді жылдан жылға артатынын айтады.

Нартай Егембердиев, Облыстық табиғи ресурстар Және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Паркте 59 қызметкер жұмыс істейді. Толық жұмысына кіріскен кезде біз парктың штаттық бірлігін 84 адамға дейін ұлғайтатын боламыз. Барлық табиғи кешендер ол археологиялық қазбалар болуы мүмкін, ескерткіштер болуы мүмкін, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі барлығы ерекше қорғалады. Бұл жерде әрбір айналым әрбір инспекторға бекітілген.

Бөлісу