Президент Азиада жеңімпаздарын марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттады. Мемлекет басшысы Жапонияда өткен дүбірлі додада отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем еткенін айтты. Спортшылардың әр жеңісі өскелең ұрпаққа үлгі болып, оларды биік мақсаттарға жетелейді. Президент спорт саласы мемлекеттің басты назарында екенін атап өтті. Соңғы бес жылда оны дамытуға 616 миллиард теңге бөлінген. Былтыр заңға өзгерістер енгізіліп, басымдық берілетін спорт түрлері айқындалды. Мемлекет басшысы спортшыларға ел абыройын асқақтатқаны үшін алғыс білдірді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі су инфрақұрылымдарын жаңартып жатыр
09.11.2026, 14:04
7 жылда өңдеу өнеркәсібі 41,8%-ға өсті
09.11.2026, 14:03
Алматыдағы РФММ директоры ауысты
09.11.2026, 14:02
Қазақстан шекарасында бір айда 3 мыңнан астам заңбұзушы ұсталды
09.11.2026, 12:13
«Бірлік – Таза Қазақстан үшін» экологиялық акциясы өтті
09.11.2026, 10:10
«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды
09.11.2026, 10:08
Сақ дәуіріне тән бірегей алтын әшекей табылды
09.11.2026, 10:07
Театрдың тарихи сәулеті сақталып, толық жаңартылды
09.11.2026, 10:06