Төтенше жағдайлардың алдын алуға 35 млн теңге қаржы бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлардың алдын алуға 35 млн теңге қаржы бөлінді

11.03.2019

Павлодарда көктемгі су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға 35 млн теңге қаржы бөлінді. Жерасты суларының деңгейін қадағалайтын арнайы жедел штаб құрылды.

Қазір шаһар ішін қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 90-нан аса ауыр техника жұмылдырылды. Қалада ойпанды жерде тұрғандықтан су жайылу қаупі бар 50-ге тарта мекенжай анықталды. Қар тазалайтын техниканың жүріп-тұруына кедергі болатын аумақтарда қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінен құрылған жұмысшы десант көмектесіп жатыр. Дерекке қарағанда қысқы маусым басталғалы бері Павлодардан 125 мың тонна қар шығарылған.

Ермұрат Нұрханов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі уақыттағы қардың деңгейі және еріген сулардың мөлшері нормадағыдан әлдеқайда төмен. Себебі биылғы қыста қар аз болды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу